locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Талғат Орынбасар жасөспірімдер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында қола үшін күреседі

Талғат Орынбасар жасөспірімдер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында қола үшін күреседі

Дзюдодан Қазақстан өкілі Талғат Орынбасар Тәжікстанның Душанбе қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге таласады, деп хабарлайды Olympic.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесуінде Орынбасар Италиядан келген Винченцо Манферлоттиді жеңіп, үшінші орынға таласу үшін мүмкіндік алды. Қазақстандық дзюдошының қарсыласы әзербайжандық Имранов Низами болады.

Өкінішке қарай, 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мағжан Әлжанов қола медаль үшін жекпе-жекке шыға алмады. Жұбаныш белдесуінде ол италиялық Алессио Де Лукеден жеңілді. Осылайша, Қазақстан үшін қоржынға жалғыз медальды Талғат Орынбасар салуы мүмкін.