Тағы бір рекордтқа қол жеткізді! Мұхамед Салах легионерлер арасында АПЛ тарихында үздік сұрмерген атанды


«Ливерпуль» вингері Мохамед Салах АПЛ 34-турында «Тоттенхэмге» (5:1) қарсы ойында гол соғып, лига тарихындағы үздік сұрмергендердің тізімінде алға жылжыды.
Мысырлық футболшы «Манчестер Ситидің» аңыз ойыншысы Серхио Агуэроны басып озып, Англияның басты дивизионында 185-ші голымен бесінші орынға көтерілді.
Салах қазір Премьер-лиганың ең үздік шетелдік бомбардирі болып табылады, тек төрт ағылшын ойыншыларында одан қарағанда голы көп. Алан Ширер 260 голмен тізімнің басында тұр, Харри Кейн мен Уэйн Руни сәйкесінше 213 және 208 голмен екінші және үшінші орында.
Салахтың келесі мақсаты 187 голмен төртінші орында тұрған Энди Коул болмақ. Мұхамед тізімдегі тағы бір жоғары орынға таласуы мүмкін - ол «Ливерпульмен» келісімшартын тағы екі маусымға ұзартқан болатын.

Футбол
Бүгін 01:42

Теннис
Кеше 23:15