locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Сәтсіз турнир: жаңартылған клубтар арасындағы әлем чемпионаты неге сәтсіздікке ұшырайды?

Сәтсіз турнир: жаңартылған клубтар арасындағы әлем чемпионаты неге сәтсіздікке ұшырайды?
ФОТО: FIFA

Жақында клубтар арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңдеріндегі қатысушылар мен олардың орналасу тәртібі анықталды. FIFA ұйымдастырып отырған бұл ауқымды турнирге 32 команда қатысып, олар 4 клубтан тұратын 8 топқа бөлінді. Алайда, осындай үлкен ауқымына қарамастан, бұл жарыс ұйымдастырушылардың үмітін ақтамай, көпшілік үшін көңіл қалдыратын іс-шараға айналуы ықтимал. Осы турнирдің сәтсіздікке ұшырауының негізгі себептерін бірге талдап көрейік.

Ең алдымен, турнирдің форматы мен оның өткізілу тәртібіне назар аударайық.

2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионаты бір айға созылады – 15 маусымнан 13 шілдеге дейін. 32 команда қатысатын бұл турнирдің қатысушылары аймақтық конфедерациялар бойынша төмендегідей бөлінеді:

  • УЕФА (Еуропа): 12 команда (4 команда — УЕФА Чемпиондар Лигасының соңғы жеңімпаздары, 8 команда — УЕФА рейтингі бойынша).
  • КОНМЕБОЛ (Оңтүстік Америка): 6 команда (4 команда — Либертадорес Кубогы арқылы, 2 команда — КОНМЕБОЛ рейтингі бойынша).
  • КОНКАКАФ (Солтүстік және Орталық Америка): 4 команда (барлығы — КОНКАКАФ Чемпиондар Кубогы арқылы).
  • АФК (Азия): 4 команда (3 команда — АФК Чемпиондар Лигасы арқылы, 1 команда — АФК рейтингі бойынша).
  • КАФ (Африка): 4 команда (3 команда — КАФ Чемпиондар Лигасы арқылы, 1 команда — КАФ рейтингі бойынша).
  • ОФК (Мұхит жағалауы): 1 команда (ОФК рейтингі бойынша).
  • Турнир иесі ел: 1 команда.

Топтар келесі түрде бөлінді:

  • А тобы: Палмейрас (Бразилия), Порту (Португалия), Әл-Әхли (Мысыр), Интер Майами (АҚШ)
  • B тобы: ПСЖ (Франция), Атлетико Мадрид (Испания), Ботафого (Бразилия), Сиэтл Саундерс (АҚШ)
  • C тобы: Бавария (Германия), Окленд Сити (Жаңа Зеландия), Бока Хуниорс (Аргентина), Бенфика (Португалия)
  • D тобы: Фламенго (Бразилия), Эсперанс (Тунис), Челси (Англия), Леон (Мексика)
  • E тобы: Ривер Плейт (Аргентина), Урава Ред Даймондс (Жапония), Монтеррей (Мексика), Интер (Италия)
  • F тобы: Флуминенсе (Бразилия), Боруссия Дортмунд (Германия), Ульсан Хёндай (Оңтүстік Корея), Мамелоди Сандаунс (ОАР)
  • G тобы: Манчестер Сити (Англия), Видад (Марокко), Әл-Айн (БАӘ), Ювентус (Италия)
  • H тобы: Реал Мадрид (Испания), Әл-Хиләл (Сауд Арабиясы), Пачука (Мексика), РБ Зальцбург (Аустрия).
ФОТО: FIFA

Transfermarkt мәліметтеріне сәйкес, әрбір клуб бұл турнирге қатысқаны үшін 50 миллион еуро көлемінде сыйақы алады, ал жеңімпаз команда екі есе көп жүлдеге ие болады. Жалпы жүлде қоры 2,5 миллиард еуроны құрайды, бұл клубтарға небәрі бір ай ішінде УЕФА Чемпиондар Лигасында бір жылда табатын табысты иеленуге мүмкіндік береді.

Алайда, егер бұл турнирді клубтар арасындағы стандартты әлем чемпионаты ретінде қарастырсақ, оның кемшіліктері неде?

Бірінші және ең басты мәселе – футбол күнтізбесінің шектен тыс жүктелуі.

Соңғы жылдары футболшылардың ұлттық құрамалар мен клубтық матчтар арасындағы қарбалас күн тәртібіне шыдас беруі барған сайын қиындап келеді. Бұл ретте жарақаттар санының артуы – басты мәселе. Ойыншылар мен жаттықтырушылар ауыр жарақаттардың жиілеп кеткеніне үнемі алаңдаушылық білдіруде.

Мысалы, “Реалдың” және Германия құрамасының бұрынғы ойыншысы Тони Кроос матчтар санының артуы туралы өз пікірін білдіріп, турнирге қатысты сын айтты:

“Клубтар арасындағы әлем чемпионаты мен үшін мүлде қызықсыз. Оны бақыламаймын. Футбол басшылығы бір сәтте ойыншылар туралы көбірек ойлап, ақша туралы азырақ ойлануды бастауы керек. Бұл турнир жақсы нәтиже бермейді. Ақырында, ойыншылар физикалық және психологиялық тұрғыдан шаршап қалады. Өз мансабымды дер кезінде аяқтағаныма өте қуаныштымын.”

Сонымен қатар, Ла Лига президенті Хавьер Тебас FIFA президенті Джанни Инфантиноға осы мәселе бойынша ашық үндеу жасады:

“ФИФА президенті, сіз аудиовизуалдық құқықтарды өз бюджетіңізге сәйкес сата алмағаныңызды білесіз. Бұл жобаны қолдайтын демеушілердің жоқ екенін де білесіз. Лигалар мен ойыншылар одағы бұл идеяны қолдамайды. Бұл әлем чемпионатын дереу тоқтатыңыз.”

Жақында ғана клубтар арасындағы әлем чемпионатының (КӘЧ) регламенті туралы нақтырақ ақпарат тарай бастады. Бұл турнирдің тағы бір айқын кемшілігі – бейресми әрі түсініксіз ережелер. Оларды былай сипаттауға болады:

“Клубтар ең мықты құрамдарын ұсынуы тиіс. Егер қандай да бір клуб турнирге қатысудан бас тартса, оған кем дегенде 445 мың фунт стерлинг көлемінде айыппұл салынады.”

Джанни Инфантино. ФОТО: FIFA

FIFA президенті Джанни Инфантино бұл талаптардың бар екенін растап, КӘЧ-2025 турниріне қатысушы клубтар үшін арнайы трансферлік терезе 1-10 маусым аралығында ашылатынын мәлімдеді.

Ал “Манчестер Сити” клубының бас бапкері Пеп Гвардиола бұл жағдайға қатысты өз ойын ашық білдірді:

“ФИФА маған ең мықты ойыншыларды кім деп санайтынын түсіндірсін. Мен мұны түсіне алмаймын. Біз турнирге бүкіл командамен барамыз, бұл жай ғана матч емес. Ал олардың “ең мықты” деп есептеген ойыншысы сол сәтте нашар формада болуы мүмкін. Бұл көптеген факторларға байланысты: физикалық шаршау, жарақаттар немесе кадрлық мәселелер. Бірақ олар [ФИФА] ойын алдында келіп, қай ойыншылардың алаңға шығатынын шешпейді. Бұл – менің құзыретімдегі мәселе.”

Бұл сөздер көп нәрсені аңғартады. Футболшылар мен бапкерлердің уәждері орынды. Соңғы жылдары футбол кестесі тығыздалып, ойыншыларға (әлем чемпионаты, Еуропа чемпионаты және Копа Америка) секілді турнирлер жеткіліксіз болып, оған Ұлттар Лигасы мен Клубтар арасындағы Әлем Чемпионаты қосылды. Бұрын екі ай демалатын футболшылар , бұл жаңа форматтың кесірінен енді бір-ақ айлық үзіліспен шектеледі, себебі тамыз айының басында жаңа маусым алдындағы дайындық басталады.

Ал ең мықты құрамдар туралы ережелерді ескерсек, ойыншылардың денсаулығын сақтау мәселесі бұрынғыдан да өзекті бола түспек.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie