Струмия мен Гондола үшін маусым аяқталды
Футбол
03 қара 2024 04:52
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
ФОТО: ФК Актөбе
Ақтөбе футбол клубының екі ойыншысы Струмия мен Гондола маусымның қалған ойынына қатыса алмайды, бұл жайлы баспасөз қызметі хабарлады.
Өткен турда Астана командасына қарсы өткен ойында команда капитаны тобығынан жарақат алған болатын. Клуб дәрігерлері оның шамамен 2 айдай уақыт емделетінін айтты. Ал, Гондола болса ойын алдында дене қыздыру жаттығулары кезінде тізеден жарақат алып, маусым соңына дейін қатардан шықты.
Леонель Струмия “Ақтөбе” сапында осы маусымда 21 ойынға қатысып, гол соқпаған, нәтижелі пас бермеген. Ал, Гондола болса, команда сапында 8 кездесуге қатыысып, 2 гол соққан екен.
Танымал жаңалықтар
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52