locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Стас Покатилов клубы жаттықтырушысыз қалуы мүмкін

Футбол 07 сәу 2025 11:24
Азат Максутбек
Азат Максутбек
Стас Покатилов клубы жаттықтырушысыз қалуы мүмкін
ФОТО: Getty images

«Сабах» бас бапкерімен тағы да қоштасуы мүмкін. Apasport.az сайты хабарлағандай, клуб Василий Березуцкиймен жолын ажыратпақ.

Мұндай шешім қабылдауға команданың нашар ойыны себеп болды. Күні кеше «Үкілер» Мисли премьер-лигасының 29-туры аясындағы кездесуде аутсайдерлер тобында орын алып жатқан «Қапяздан» 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Осы жеңілістен кейін клуб басшылығы түпкілікті шешім қабылдады.

«Сабах» ресейлік бапкермен қоштасуға ниетті, бірақ оны жұмыстан босату туралы шешім маусымның соңына дейін шегеріледі. Себебі, команда Әзірбайжан кубогының жартылай финалында күресін жалғастырып, чемпиондық мүмкіндігін жоғалтпаған.

Егер команда маусымның соңында жүлде алмаса, бапкер жұмыстан босатылуы мүмкін. Сабах ел кубогын жеңіп алса да, чемпионатта тұрақты нәтиже көрсетпесе де, Березуцкийдің қызметінен босатылуын жоққа шығаруға болмайды.

Клуб алдағы уақытта жаңа шетелдік маманды тағайындауы мүмкін екені хабарланды.

Березуцкий «Сабахпен» өткен жылдың қарашасында келісім-шартқа отырды және оның келісімі 2027 жылдың жазына дейін созылады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie