locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Стас Покатилов чемпионат қорытындысы бойынша маусымның үздік қақпашысы атанды

Стас Покатилов чемпионат қорытындысы бойынша маусымның үздік қақпашысы атанды
ФОТО: IG Стас Покатилов

10 қараша күні 2024 жылғы Қазақстан футбол чемпионатының соңғы, 26-тур ойындары өтті.

Жаңа ел чемпионы - алматылық “Қайрат” футбол клубы. Келесі маусымда команда УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алу үшін күресетін болады.

26 тур қорытындысы бойынша 31 жастағы Қазақстан құрамасының мүшесі және “Тобыл” клубының қақпашысы Стас Покатилов маусымның үздік қақпашысы деп танылды. Ол 11 ойында қақпасын “құрғақ” ұстады.

Айта кетейік, Покатилов - оралдық “Ақжайық” клубының түлегі. 2015 және 2023 жылы ол Қазақстан Премьер-лигасының үздік қақпашысы атанған болатын. 2024 жылдан бері “Тобыл” сапында өнер көрсетіп келе жатқан қақпашының командасы осы маусымда бесінші орынға тұрақтады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie