Станислав Черчесов:"Біз жақсы нәтижеге қол жеткізцу үшін командалық ойынды жетілдіргіміз келеді"
Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Словенияға қарсы өткен Ұлттар лигасының 4-тур матчынан кейін өз пікірін білдірді.
“Біз жақсы ойнадық. Бірақ екінші таймда 0:1 есебінде шабуылдаушы Шушеначев, Самородов, Оразов секілді ойыншылар шықпай, қорғанысқа бағытталған ойыншылар алаңға шықты. Біз гол соққымыз келді, бүгін бірнеше мүмкіндік жасадық – бір рет бағанаға тигіздік. Біздің қарсыластарымыз мықты – Аустрия Еуропа чемпионатында керемет өнер көрсетті, словендер де жақсы ойнады, норвегиялықтар да осал команда емес. Осындай құрамаларға гол соғу үшін сапалы командалық ойын немесе жеке шеберлік керек. Біз жақсы нәтижеге қол жеткізцу үшін командалық ойынды жетілдіргіміз келеді”, – деп vesti.kz бапкердің сөзін келтіреді.
Айта кетейік, Станислав Черчесовтың командасы қатарынан үшінші рет жеңіліс тапты: бұған дейін қазақстандықтар сырт алаңда Аустрияға (0:4) және Словенияға (0:3) есе жіберген болатын. Келесі турда Қазақстан өз алаңында Австриямен кездессе, Словения Норвегиямен ойнайды. Екі кездесу де 14 қарашада өтеді.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20