locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Станислав Черчесов УЕФА Ұлттар Лигасының матчтарына арналған Қазақстан құрамасын жариялады

Станислав Черчесов УЕФА Ұлттар Лигасының матчтарына арналған Қазақстан құрамасын жариялады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов УЕФА Ұлттар Лигасының қазан айындағы матчтарына шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады. Соңғы тізімге 28 футболшы кірді. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.

Оқу-жаттығу жиыны 5 қазанда Австрияның Кремс қаласында басталып, 9-на дейін жалғасады.

Қазан айында Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. 10 қазанда Станислав Черчесов бастаған команда қонақта Австрия құрамасымен кездеседі. Ойын Линцте "Райффайзен Арена" стадионында өтеді және Қазақстан уақыты бойынша 23:45-те басталады. Үш күннен кейін, 13 қазанда Қазақстан Словения құрамасын қабылдайды. Бұл матч Алматыда "Орталық стадионда" өтеді және сағат 18:00-де басталады.

Қақпашылар:

Игорь Шацкий ("Ақтөбе")
Александр Заруцкий ("Астана")
Стас Покатилов ("Тобыл")
Бекхан Шайхзаде ("Ордабасы")

Қорғаушылар:

Әлібек Қасым ("Ақтөбе")
Нұрәлі Әліпов ("Зенит", Ресей)
Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы - "Астана")
Сұлтанбек Астанов ("Ордабасы")
Роман Асранқұлов ("Тобыл")
Лев Скворцов ("Шинник", Ресей)
Асхат Балтабеков ("Жетісу")
Ұлар Жақсыбаев ("Қызылжар")
Әділбек Жұмаханов ("Атырау")

Жартылай қорғаушылар:

Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы – "Ордабасы")
Рамазан Оразов ("Силькеборг", Дания)
Максим Самородов ("Ахмат", Ресей)
Аслан Дарабаев ("Елімай")
Бақтиер Зайнутдинов ("Бешикташ", Түркия)
Ислам Чесноков ("Тобыл")
Андрей Ульшин ("Қайрат")

Шабуылшылар:

Абат Айымбетов ("Адана Демирспор", Түркия)
Айбар Жақсылықов ("Қайсар")
Жан-Али Пайруз ("Елімай")
Артур Шушеначев ("Сочи", Ресей)