locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Станислав Черчесов ресейлік клубтардың қызығушылықтары жайында пікір білдірді

Станислав Черчесов ресейлік клубтардың қызығушылықтары жайында пікір білдірді
ФОТО: KFF_team

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ресей Премьер-лигасына (РПЛ) қайта оралуы мүмкін деген қауесеттерге байланысты өз пікірін білдірді.

Бапкер ресейлік клубтар тарапынан қызығушылық бар екенін жоққа шығармады, алайда қазіргі таңда Қазақстан құрамасындағы жұмысына толықтай берілгенін ерекше атап өтті.

“Қалай бар, солай қалады. Телефонды өшіре алмайсың ғой. Неге РПЛ? Мен өз жұмысымда барынша шоғырланғым келеді. Қазіргі уақытта өз міндеттеріммен айналысып жүрмін. Әрине, қызығушылықтар болады, бірақ жұмысыңды атқарып жатқанда басқа нәрсеге көңіл бөлудің қажеті жоқ. Қазір мен үшін бастысы – Қазақстан құрамасы,” – деді Черчесов “Матч ТВ” арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Станислав Черчесовтың Қазақстан құрамасымен келісімшарты 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің соңына дейін жарамды. Сондай-ақ тараптардың келісімі бойынша келісімді тағы екі жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Адиевтің жұмысын жоғары бағалады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie