Станислав Черчесов: "Мен ойыншыларға айқалағанымда, олардың есімдерін шатастырып алдым деп ойлаймын"
Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов матч барысында қазақстандық ойыншылардың есімдерін шатастырып алғанын мойындады.
“Мен футболшыларды екі күннен кейін алғаш рет көрдім. Мен сізге бір құпияны айта аламын: мен [Норвегиямен ойын барысында ] ойыншыларға айқалағанымда, мен олардың есімдерін шатастырып алдым деп ойлаймын. Кейде футболшылар маған назар аудармады. Себебі, мен басқа біреуге айқайладым, ал мен атаған ойыншы маған қарамайды, өйткені оның аты басқа. Бұндай да жағдай болып түрады”, - деді бас бапкер Match TV арнасына берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында алдымен Норвегиямен тең ойнады(0:0), одан кейін сырт алаңда Словениядан ірі жеңіліске (0:3) ұшырады.
Ұлттар лигасының келесі ойындары қазан айында өтеді, онда Қазақстан құрамасы Австрия және Словениямен кездеседі.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52