locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Станислав ЧЕРЧЕСОВ: “Мен келгенге дейін бұған ешкім бас қатырмаған”

Станислав ЧЕРЧЕСОВ: “Мен келгенге дейін бұған ешкім бас қатырмаған”
ФОТО: Getty Images

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов құраманы жақсы нәтижеге жеткізу үшін қандай өзгерістер қажет екенін айтып берді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

- “Бұл сылтау емес, бірақ бізде ешқандай артықшылық болмады. Біз Астанада синтетикалық алаңда ойнаған жоқпыз, ал ол жерде біздің басымдығымыз бар. Мен келгенге дейін бұған ешкім бас қатырмаған. Кесте өте тығыз жасалған, бізде дайындыққа қосымша күндер жоқтың қасы. Бұрын бұған уақыт бар еді. Келесі жылы біз Астанаға қайта ораламыз, дегенмен Алматыда бізді тамаша қабылдады. Бірақ синтетикалық алаңның жоқтығынан аз да болса басымдығымызды жоғалттық. Регламент бойынша дайындыққа уақыт жетпейді. Жалғыз жағдай – Австриядағы сырт алаңдағы ойын алдында екі күн артық дайындалуға мүмкіндік болды. Мен келгенге дейін құраманың еш иесі болмаған. Қосымша дайындық күндерін алу үшін тиісті құжаттарды тапсырдым. Бүгін көптеген ойыншылар тәжірибе жинады. Біз Қасым мен Астанов сияқты футболшыларға мүмкіндік бердік. Келесі циклде бұл нәтиже береді деп үміттенеміз,” – деді Черчесов.

Айта кетейік, ресейлік маманның басшылығымен Қазақстан құрамасы бес рет жеңіліп, бір рет тең ойнады. Черчесовтың шәкірттері 15 гол жіберіп, бірде-бір гол сала алмады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie