Станислав Черчесов келесі жылға жоспарларымен бөлісті
Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ұлттар лигасында Норвегияға (5-0) қарсы өткен ойынға қатысты пікірін білдіріп, келесі жылға жоспарларымен бөлісті.
“Дәл қазір мен киім ауыстыратын бөлмедегі жігіттерге біз ешқандай өрескел қателіктер жібермеген жалғыз матч - Норвегиямен өз алаңындағы бірінші матч екенін айттым, сол үшін де біз ұпай ала алдық. Дәл осы ойында, әрине, команда жақсы, олар қысым жасайды, бірақ бұл қысым ештеңені білдірмейді. Біз өзіміз допты күтпеген жерден жоғалтып аламыз, олар бізге гол соғады. Гол деген - гол, ол командадан қосымша күш алып қояды, есені қайтару керек болады. Барлық голдар амалсыз қателерден кейін соғылды. Бұл бүгін ғана емес – бұл барлық ойындарда болып отырды. Команда ойнағысы келеді, біз мұны көріп отырмыз, мен бұл үшін оларға алғыс айттым. Бірақ бұл күтпеген жерден болатын қателер, оларды келесі кездесіге дейін жою керек. Шамасы, биылғы жылы осындай дүниелердің жылы шығар. Келесі жылды таза парақтан бастап, жеребені күтеміз. Барлығы өз орнымен жүріп жатыр”, – дейді ресейлік маман.
Еске сала кетейік, Черчесов Қазақстан құрамасын жаттықтырушы ретінде 6 ойын өткізген: 5 жеңіліс және 1 тең ойын.