locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Станислав Черчесов: "Біз болашақта кімге сенім арта алатынымызды нақты түсінгіміз келеді"

ФОТО:  Getty images
Станислав Черчесов: "Біз болашақта кімге сенім арта алатынымызды нақты түсінгіміз келеді"

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Австрия және Словенияға қарсы өтетін УЕФА Ұлттар лигасының матчтарына дайындық аясындағы оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылардың құрамы туралы пікір білдірді.

Айта кету керек, соңғы тізімге бірқатар тәжірибелі ойыншылар - Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат және Сергей Малый кірмеді.

“Алдыңғы оқу-жаттығу жиынына қатысқан кейбір ойыншылар бұл жолы шақырылмады. Бұл олардың ойынына қатысты сұрақтар, мәселелер немесе наразылық болғандықтан емес. Барлығы өздерін жақсы жағынан көрсетті, бәрімен де қанағаттандым. Мәселе командалық ойынды жетілдіру және нәтиже көрсету қажеттігінде. Сол себепті белгілі бір селекция жасау қажет.

Егер біз бір деңгейдегі ойыншыларды шақырмасақ, әр футболшының әлеуетін толық түсіне алмаймыз. Өткен жиында біз бір ойыншыларды шақырдық, өйткені олар өздерін жақсы жағынан көрсетті. Ал бұл жолы басқаларды шақырып, оларды да бағалаймыз. Олардың шеберлік деңгейі ұлттық құрамада ойнауға мүмкіндік береді, сондықтан біз болашақта кімге сенім арта алатынымызды нақты түсінгіміз келеді”, - Черчесовтың сөзін Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі жеткізді.

Бұған дейін Станислав Черчесов қазан айындағы УЕФА Ұлттар лигасының матчтарына шақырылған Қазақстан құрамасының ойыншыларын жариялаған болатын. Тізімге 28 футболшы енді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie