Станислав Черчесов: "Біз қазір армандап жүрген жоқпыз, мақсаттар қойып отырмыз"
Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Қазақстан ұлттық командасымен байланысты мақсаттары және армандарымен бөлісті.
— Қазақстан құрамасымен қандай арманыңыз бар?
Біз қазір армандап жүрген жоқпыз, мақсаттар қойып отырмыз. Қазір мен Қазақстандамын және бар ойым тек Ұлттар лигасында алға қалай қадам жасауға болатыны туралы. Біздің қарсыластарымыз — Норвегия, Австрия, Словения. Бұл командалар Еуропа чемпионатында жақсы өнер көрсетті. Норвегия құрамасында Холанд пен Эдегор бар екенін білесіздер. Иә, біз кей жағдайда қарсыластан қалысамыз, бірақ жалпы алғанда, бәрі жақсы".- деді бапкер "Советский спорт" басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алдымен Норвегиямен (0:0) тең ойнаса, кейін сырт алаңда Словениядан (0:3) ірі жеңіліске ұшырады.
Келесі Ұлттар лигасы матчтары қазан айында өтеді, онда Қазақстан құрамасы Австрия және Словениямен кездеседі.һ