Станислав ЧЕРЧЕСОВ: "Біз Қазақстан құрамасының ойыншыларымен бір толқындамыз"
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Станислав Черчесов “Спорт день за днем” басылымына берген сұхбатында командамен қарым-қатынасы туралы айтып берді. Ол сондай-ақ 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеуге орай жағдайды өзгерту жоспарын жариялап, Қазақстан мен Ресей құрамасындағы жұмыстарын салыстырды.
– Қазақстан құрамасының ойыншылары сіздің әзілдеріңіз үшін ренжіді ме?
– Жоқ, бәрі керісінше. Біз олармен әдетте бір толқындамыз. Баха сұхбат беріп, біздің ережелердің бәрі ашық екенін айтқан еді ғой: жұмыс жүріп жатқанда оңға да, солға да бір миллиметр де жол берілмейді. Иә, мен талапшылмын, әрі қаталмын. Бірақ ол талапты қоятын мен емес, заманауи футбол, ертеңгі қарсылас. Дәл қазір Исламхан процедуралар өтіп жатыр еді, мен оған бардым, әзілдесе бастадық. Кім сырттан қараса, бұл Черчесов, бұл оның футболшысы деп ешқашан ойламас еді.
Бұған дейін Станислав Черчесов Ұлттар лигасының В дивизионынан түсіп қалғаннан кейін, өзіне дейінгі Қазақстан құрамасына ешкім бас қатырмаған екенін айтқан болатын.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49