Станислав Черчесов Қазақстанның Аустрияға қарсы алдағы ойыны жайлы өз ойымен бөлісті
Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов баспасөз конференциясында Аустрияға қарсы алдағы ойын туралы ойларымен бөлісті.
“Аустрияның допты жиі бақылап отыруына дайын болуымыз керек. Біз футболға жаңа келген жоқпыз. Әдетте, қандай да бір себептермен мықтырақ командалар допты көбірек ұстайды. Бірақ бұл нәтиже үшін шешуші фактор емес. Норвегиямен болған матчта допты көбірек иеленген Аустрия жеңіліп қалды. Доп сенің иелігінде болғанда жақсы, бірақ футбол екі компоненттен тұрады: сенің командаңда доп бар кезде және доп жоқ кезде. Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалануымыз керек. Мүмкін, ертең оларда допты иеленуде артықшылық болуы мүмкін, бірақ біздің міндетіміз - өз қақпамызға қауіпті сәттерді азайтып, күресті күшейту. Тек қорғаныспен шектелу - біздің философиямыз емес”, - деді бас бапкер. Черчесовтың сөздерін Meta-ratings.kz келтіреді.
Еске сала кетейік, Австрия мен Қазақстан арасындағы матч 10 қазанда Астана уақытымен 23:45-те басталады.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52