Станислав ЧЕРЧЕСОВ: “ Аналитика – бұл қосымша құрал. Сенің көзің көрген нәрсені ол не растайды, не күмән туғызады”


Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов заманауи футболдағы xG және озық статистика трендтері жайлы пікірін білдірді.
“Мен бұл жаңашылдықтарға оң көзқараспен қараймын. Бірақ оларды басты орынға қоя алмаймын. Аналитика – бұл қосымша құрал. Сенің көзің көрген нәрсені ол не растайды, не күмән туғызады. Егер дұрыс болмаса, онда мұқият зерттеп, талдау қажет. Өйткені кейде статистика бір нәрсені көрсетсе, ал визуалды бақылау мүлдем басқа суретті ұсынады. Бірақ көп жағдайда олар бір-бірімен үйлеседі.
Мәселен, белгілі бір ойыншы алаңда дұрыс жүгірмей, жеткілікті деңгейде жұмыс істемей жатқандай көрінеді. Сол сәтте сен деректерді сұрайсың. Қолдағы мәліметтерді қарап шыққанда, ол сенің байқағандарыңды растайды. Бұл оның жүрек соғысы, пульсі, жүгірген қашықтығы сияқты көрсеткіштерді қамтиды. Мұның бәрін назарға аламыз. Бірақ бапкердің басты міндеті – GPS құрылғысы анықтай алмайтын ойыншының ішкі жай-күйін, психологиялық ахуалын сезіну. GPS сенің алдыңа тек метрлерді, спринттерді, секірулерді қоя алады. Ал футболшыны жеке тұлға ретінде түсіну – бапкердің кәсібилігі мен көрегендігінің жемісі”, – деп келтіреді Черчесовтың сөзін “Спорт Шредингера” .
Еске сала кетейік, 2024/25 жылғы Ұлттар лигасының топтық кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан құрамасы бір ғана ұпай жинап, бірде-бір гол соқпай, соңғы орынды иеленді.


Теннис
Бүгін 07:44