Соңғы секундтардың батыры. Өміртаев нәтижелі соққымен БАТЭ-ні жеңілістен құтқарды
Қазақстандық жартылай қорғаушы Оралхан Өміртаев "БАТЭ" клубына солигорлық "Шахтермен" болған матчта тең есепке қол жеткізуге көмектесті. Ойынның соңғы нәтижесі – 1:1.
Беларусь чемпионатының 23-турында "БАТЭ" өз алаңында "Шахтерді" қабылдады. Өміртаев ойынды қосалқы құрамнан бастады. Алайда, бапкер Оралханды қарсылас командасының минималды басымдығымен 70-минутта алаңға шығарды. Қазақстандық жартылай қорғаушы матчтың соңғы минуттарында есепті теңестіріп, клубына тең ойын сыйлады.
Қазіргі уақытта қазақстандықтың командасы “БАТЭ” 28 ұпаймен турнирлік кестеде оныншы орында тұр.
Одан әрі Өміртаев пен оның командаластары "Славия-Мозырь" командасына қонаққа барады. Ойын 5 қазан күні сағат 23:00-де өтеді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52