Снейдер: "Мен 2010 жылы "Алтын допқа" лайық болдым деп ойлаймын"
Нидерланды құрамасының бұрынғы футболшысы Уэсли Снейдер 2010 жылғы "Алтын Доп" туралы өз ойларымен бөлісті.
Мен 2010 жылы "Алтын Допқа" лайық болдым деп ойлаймын. Бірақ бұл артта қалды және ештеңені өзгерту мүмкін емес. Маған бұл туралы жиі сұрақ қойылады және бұл сол сәттің қаншалықты маңызды болғанын көрсетеді. Он жылдан астам уақыт өтсе де, адамдар бұл таңдауды талқылап, маған қолдау көрсетуді жалғастыруда. Мұның өзі мені мойындау және маған деген құрмет. Жанкүйерлер мен тілшілер үшін бұл тақырып өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бір жағынан, мен жағдайдың құрбаны болдым, мүмкін бұл жаман емес шығар. Бірақ мен "Алтын Доп" жеңіп алсам, шынымен бақытты болатыныма сенімді емеспін. Менің арманым әрқашан Чемпиондар Лигасында жеңіске жету болды, мен жеке марапаттар жайлы армандаған жоқпын. Мен Чемпиондар Лигасын жеңіп алу жайлы мақсатыма қол жеткізе алғаныма қуаныштымын.
2009-10 маусымда Снейдер "Интер" сапында 41 ойын өткізді, ол 8 гол соқты және 15 нәтижелі пастың авторы атанды. Оның клубтың Чемпиондар Лигасындағы жеңісіне, сондай-ақ А Сериясында қатарынан бес рет жеңіп алудағы және Италия Кубогын 3 рет жеңіп алуға қосқан үлесі баға жетпес болды. 2010 жылғы Әлем Чемпионатында Снейдер Нидерланды атынан 5 гол соғып, турнирдің үздік сұрмергендерінің бірі болды және өз еліне екінші орын алуға көмектесті. Осы жетістіктерге қарамастан, 2010 жылғы “Алтын Допты" “Барселона” ойыншысы Лионель Месси жеңіп алды. Екінші орынды Андрес Иньеста, үшінші орынды Хави Эрнандес иеленді, ал Снейдер төртінші орын алды.
Футбол
Бүгін 05:00
ММА
Бүгін 03:20
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49