locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Сұлтан Сағынаев «Атырауға» ауысады

Футбол 15 сәу 2025 04:04
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Сұлтан Сағынаев «Атырауға» ауысады
Фото: gettyimages

25 жастағы жартылай қорғаушы Сұлтан Сағнаев «Атырауға» ауысады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұл трансферді SD Family-дегі жұмысы бойынша Сағынаевпен таныс клубтың бас директоры Дидар Сыдықбек хабарлады.

Сыдықбектің өзі бір күн бұрын осы лауазымда небәрі үш апта жұмыс істегеннен кейін директор ретіндегі өкілеттігін тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді.

Алматы футболының тәрбиеленушісі Сұлтан Сағынаев Қазақстан Премьер-лигасында елордалық «Астана» сапында 2018 жылдың 4 тамызында Ақтөбеде «Ақтөбеге» қарсы ойында дебют жасады (1:1). Ол бастапқы құрамда шығып, бүкіл матчты ойнап шықты. «Астана» үшін барлығы 32 матч өткізіп, 1 гол соқты. Сондай-ақ, «Ертіс» (6 матч, 1 гол), «Каспий» (2 матч) және «Ақсу» (4 матч) сапында бақ сынады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie