locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Словения жанкүйерлері: "Мүмкін, Қазақстан футболдан гөрі көкпарды жақсы ойнайтын шығар"

Словения жанкүйерлері: "Мүмкін, Қазақстан футболдан гөрі көкпарды жақсы ойнайтын шығар"

Словения құрамасының жанкүйерлері ойыннан кейін:

«Біздің жігіттер жарады. Ойын шапшаң, комбинациялық және тиімді болды. Қазақстанның көрсеткенінен әлдеқайда жақсы. Мен өзім біздің жігіттер әлдеқайда жабық және іш пыстырарлық ойын көрсетеді деп күткен едім»; «Бүгін біздің команда 10 жыл бұрынғы „Барса“ сияқты ойнады, ал Қазақстан үшінші лигадағы команда сияқты көрінді»; «Сіздердің футбол командаңыз ешқащан жетістікке жетпейді, футболда сіздер осыны қабылдауларыңыз керек. Сіздер ешқашан бізді және басқа да Еуропаның үздік құрамаларын жеңе алмайсыздар»; «Жарады, бірақ өкінішке орай, осылай Еурода португалдарға қарсы ойнаған жоқ»; «Жастарды шығару керек еді, бәрібір есеп айырмасы осылай болып жеңетін едік»; «Матчқа дейін қарсыласты асыра бағаладық. Олар ештеңе көрсете алмады, қақпамызға қауіп те төндірген жоқ»; «Қазақстан ешқашан ӘЧ немесе ЕЧ-ге іріктеуден өтпейді. Азияда ойнағандары дұрыс, бәлкім сонда бірдеңеге қол жеткізер»; «Қазақстан тек үш гол жібергеніне қуануы керек». «Қазақтардың бұл сылтауларын жақсы көремін. Матч алдында көп нәрсе айтты, ал қазір ақталуда, бірақ біз оларды жай ғана оларды талқандадық»; «Қазақстан бізге үш рет жеңілді және бұның алаң сапасына қатысы жоқ. Бүгін біз жай ғана мықтырақ болдық. Пікір алаңында бәрі жылауда, алайда екі команда да бірдей жағдайда ойнады, тек бір команда басқасынан басым болды, бұл - факт»; «Алаң тамаша болғанда да, қазақстандық ойыншылар біздің командаға қарсы түк істей алмас еді»; «Мүмкін, Қазақстан футболдан гөрі көкпарды жақсы ойнайтын шығар. Футбол ойнап тырыспаңыздар»; «Қазақстан тағы да бізге жеңілді. Словенияны жеңу мүмкін емес. Мұны мойындаңыздар және нашар алаңға сылтау айтпаңыздар. «Таптырмас ойын». Қазақстан құрамасына соғылған гол жылдың үздік голы атағына үміткер деп танылады. «Шешко — Қазақстан 3:0»; «Осындай әуесқойлармен матч керемет болды, жарады Шешко»; «Бүгін Шешко қазақтармен істегені, таңқаларлық. Оларды балалар сияқты қорлады»; «Қазақтардың кемесі суға батып барады. Кекке жақсы сыйлық болды»; «Идеясыз Қазақстан... Оларды 7:0 есебімен де жеңуге болар еді».