Словения құрамасының бас бапкері Матьяж Кек: “Астанада ойнау біз үшін өте қиын болды
Словения құрамасының бас бапкері Матьяж Кек Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтың жұмысын жоғары бағалады.
“Станислав Черчесовпен Ресейге қарсы ойындар арқылы таныспын. Қазақстан құрамасы онымен әлі де табысқа жетеді деп ойлаймын. Алдыңғы бапкер мен қазіргі бапкердің айырмашылығын талдамаймын, бірақ өткен ойындарды жасанды алаңда өткізгенімізді айта аламын. Астанада ойнау бізге айтарлықтай қиын болды”, – деп мәлімдеді маман.
Еске сала кетейік, Қазақстан мен Словения арасындағы кездесуде жалғыз голды 55-минутта италиялық “Пиза” клубының жартылай қорғаушысы Ян Млакар соғып, матчтың тағдырын шешті. Қазіргі уақытта Қазақстан бір ұпаймен 3-топтың турнирлік кестесінде төртінші, соңғы орында тұр.
Қазақстан құрамасы 12 жыл бұрынғы күмәнді жетістігін қайталады.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49