Сламбеков командасын тағы да Премьер-лигаға шығарды
Қазақстанда бірінші лигада ойнайтын командаларды Премьер-лигаға шығаратын бір ойыншы бар. Ол – Демият Сламбеков. Алғаш рет 2017 жылы “Жетісу” сапында ойнап, командасымен бірге Премьер-лигаға жолдама алды. Алайда, талдықорғандық командамен бірге жоғарғы лигада ойнаған жоқ. Мәнсабын Литвада жалғастыруды шешкен.
Араға үш жыл салып, “Ақтөбемен” бірге бірінші лига чемпионы атанып, тағы да Премьер-лигаға жолдама алды. Бұл клубта жолы болмағасын павлодарлық командаға ауысқан жөн санады.
2021 жылы “Ақсу” командасы сапына қосылып, бұл командамен бірінші лигада үздіктер қатарында көрінді. Бірақ, павлодарлық команда құрамында келесі маусымға қалмады.
2022 жылы қызылордалық “Қайсар” командасымен чемпион атанады. Ал бір жылдан соң “Ұлытау” клубымен келісім-шартқа отырып, бұл командамен бірінші лигаға жолдама алды. Ал осы маусымда “Ұлытаумен” бірінші лиганың вице-чемпионы атанды.
Келесі маусымда Демият Сламбеков Премьер-лигада өнер көрсетеме белгісіз. Әлеуметтік желілерде жанкүйерлер, Премьер-лигадан ұшып кеткен “Шахтер” клубының құлағына алтын сырға деп әзілдесуде.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52