locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Өскемен, Аягөз, Ақсу қалаларында жаңартылған алаңдардың ашылуы өтеді

фото: кфф
Өскемен, Аягөз, Ақсу қалаларында жаңартылған алаңдардың ашылуы өтеді

Қазақстан футбол федерациясы «ALAŇ» жобасын жүзеге асыруды жалғастырып келеді. Аталмыш жоба 2023 жылы басталып, еліміздегі футбол алаңдарын жаңартуға және бұқаралық спортты дамытуды көздейді. Бағдарлама үш жылға жоспарланып, УЕФА-ның қолдауымен өтуде. Жобаның басты серіктесі - 1XBET компаниясы.

Қыркүйек айының соңына дейін Абай облысындағы Аягөз қаласының Орталық стадионы, Өскемен қаласындағы «Восток» стадионының қосымша алаңы және Павлодар облысындағы Ақсу қаласында «Достық» стадионындағы жаңартылған алаң қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Аймақтағы футбол алаңдарының ашылу салтанатының аясында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов пен Қазақстан ұлттық құрамасының экс-капитаны Самат Смақов балаларға жаттығу өткізіп, қолтаңбалар береді. Айта кетейік, «ALAŇ» жобасы еліміздегі спорттық инфрақұрылымдардың сапасын жоғарлатып, бұқаралық футболды дамытуды мақсат етеді.

«Бірінші кезекте біз бұқаралық футбол мен балаларымызға назар аударуымыз керек. Футбол осылардан басталады. Бұқаралық футболды ұйымдастырмаса, кәсіби футбол да дамымайды. Бұқаралық футбол – барлығына арналады. Біз әр жас санатын 5-17, 18-35, 36+ және әйелдерге қатысты бөліп, бағдарламаны жасақтадық. Қазіргі сәтте футболға деген қызығушылық артуда. Елімізде 1 250 000 бала футболмен айналысады. Бұл үлкен көрсеткіш. Біз оны 2 500 000 балаға дейін арттыруды көздейміз. Себебі, ұлттың денсаулығы өте маңызды», - деді Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов.

2023-2025 жылдарға арналған жоба аясында республикамыздағы 20 футбол алаңы жөндеуден өтеді деп көзделуде. Өткен жылы Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Жетісу облысында жаңа алаңдар салтанатты түрде ашылған болатын. Ал жақын арада Петропавлдағы «Динамо» стадионындағы жаңа алаң іске қосылды.

«Барлық қалаларда жоғары сападағы футбол алаңдары жоқ. Ал Петропавлда олардың саны үшеуге артты. Кейбір қалаларда тіпті оның біреуі де жоқ. Солтүстік Қазақстан облысы басшылығы мен Қазақстан футбол федерациясының қолдауы арқасында керемет алаң ашылды», - деп Қазақстан ұлттық құрамасының экс-капитаны Самат Смақов Петропавлдағы салтанатты ашылуда өз ойын айтты.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie