Симеоне Ла Лига бапкерлері арасындағы матч саны бойынша рекордты қойды
Футбол
Бүгін 15:08
Нұрбақыт Қадырбаев
sports24 сарапшы
ФОТО: Getty Images
Диего Симеоне Ла Лига клубтарының сапында ең көп матч өткізген жаттықтырушы атанды. Алавеспен бүгінгі матч (2:1) аргентиналық үшін “матрасшылардың” бапкері ретіндегі 700-ші ойыны болды.
54 жастағы маман барлық жарыстарда Ла Лига командасының басында осындай көрсеткішке қол жеткізген тарихтағы алғашқы бапкер атанды. Симеоне мадридтік клубқа 2011 жылы келген болатын. Осы кезеңде клуб 413 кездесуде жеңіске жетіп, 156 кездесуде тең түсіп, 131 рет жеңілген.
Диего Симеоне екі рет Ла Лиганы жеңді, бір рет Суперкубок пен Испания кубогының трофейлерін көтерді, екі рет Еуропа лигасы мен УЕФА Суперкубогын жеңіп алды және екі рет Чемпиондар лигасының финалына шықты.
Танымал жаңалықтар
ММА
Бүгін 14:44