locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Силкебор Оразовпен бірге Дания чемпионатында ұпай жоғалтты

Силкебор Оразовпен бірге Дания чемпионатында ұпай жоғалтты

Қазақстандық футболшы Рамазан Оразов Дания чемпионатының сегізінші турындағы матчта «Силкеборг» сапында өнер көрсетті. Футболшы алғашқы минуттардан алаңда өнер көрсетті.

Дания лигасының сегізінші турында чемпионат көшбасшылары арасында кездесу өтті. «Силкеборг» «Орхус» клубына қонаққа келді. Оразов кездесуді негізгі құрамда бастағанымен, 58-минутта ауыстырылды. Нәтижесінде командалар 1:1 есебімен тату тарқасты. Қазақ ойыншысы нәтижелі әрекеттерімен көзге түскен жоқ.

Бүгінде «Силкеборг» Дания чемпионатының турнирлік кестесінде үшінші орында тұр. Рамазан командасының еншісінде 16 ұпай бар.

Келесі кезекте Оразовтың клубы Бронбиге қарсы ойын өткізеді. Матч 22 қыркүйекке жоспарланған, Қазақстан уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады.