«Сиэтл Саундерс» – «Атлетико». Онлайн көру. LIVE трансляция


20 маусым күні футболдан 2025 жылғы Клубтық әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур аясында АҚШ-тың «Сиэтл Саундерс» және Испанияның «Атлетико Мадрид» клубтары арасындағы матч өтеді.
Ойын Сиэтл қаласындағы америкалық команданың үй алаңы - «Люмен Филд» стадионында ұйымдастырылады. Қазақстан уақыты бойынша кездесу 3:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясын мына жерден көруге болады.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Алғашқы тур қорытындысы бойынша B тобында Францияның ПСЖ және Бразилияның «Ботафого» командалары үш ұпаймен көш бастап тұр. Ал «Сиэтл» мен «Атлетико» алғашқы ойындарында жеңіліп, әзірге ұпай жинай алған жоқ. Сондықтан бұл кездесу қос команда үшін де плей-офф кезеңіне өту жолында аса маңызды болмақ.
Айта кетейік, биылғы Клубтық әлем чемпионаты алғаш рет АҚШ-та өтуде. Турнирге алты құрлықтың үздік 32 командасы қатысып жатыр.

Футбол
Бүгін 08:37

Футбол
Бүгін 08:11