locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Шушеначев Кипрлік клубқа ауыспайтын болщы

Шушеначев Кипрлік клубқа ауыспайтын болщы

Қазақстандық футболшы Артур Шушеначевтің "Анортосис" сапына ауысуы орын алмайды. Футболшы израильдік "Хапоэль Беэр-Шева" қосынына оралады.

Sport5 Израиль телеканалының ақпаратына сәйкес, футболшы медициналық тексерістен өте алмады. Шабуылшы Кипрден Израильге оралды. Алайда Шушеначев клубтың жоспарына кірмейді.

Осыдан алдын Артур жаңа клубқа ауысуына бір қадам қалғаны хабарланған болатын.

Израильдік клуб үшін Артур 19 кездесу өткізіп, 2 рет гол соқты. Одан бөлек, форвард алты рет Қазақстан құрамасында ойнаған.