locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Шушеначев Кипр чемпионатына ауыса алады

Шушеначев Кипр чемпионатына ауыса алады

Израильдік "Хапоэль" Беер-Шева клубының қазақстандық шабуылшысы Артур Шушеначев Кипр чемпионатына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Anorthosis24.net интернет-басылым.

Хабарланғандай, "Анортосис" Шушеначевтің трансфері бойынша белсенді жұмыс істеуде, бірақ "Хапоэль" соңғы сәтте мәміле шарттарын өзгертті, сондықтан ауысым болмай қалуы мүмкін. Сонымен қатар, кипрліктер балама нұсқа ретінде ойыншымен байланысқа шықты.

Биылғы маусымда "Хапоэль" Беер-Шева сапында Артур Шушеначев үш матчқа қатысты, үшеуін де нәтижесіз өткізді.