Шымкенттің спорт басқармасы Ордабасыға ақша бөлмек
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы футболға қаржы бөлу үшін кезекті тендерін жариялады. Бұл туралы “Дядя Ваня” Telegram-арнасында жазылды.
Тендердің жалпы сомасы – 892,9 млн теңге (шамамен $1,83 млн). Тендер тақырыбы: “Футбол командаларын дайындау және олардың жергілікті, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету қызметтері”. Орындау мерзімі – 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін.
Техникалық сипаттамада көрсетілгендей, тендердің негізгі мақсаты – Шымкент қаласы командаларының 2024 жылғы маусымда Қазақстан Премьер-Лигасы, Қазақстан Екінші лигасы чемпионаттарында, УЕФА кубоктарында, Қазақстан чемпионатында балалар мен жасөспірімдер командалары арасындағы және халықаралық турнирлерде, сонымен қатар футзалдан 2024-2025 жылғы маусымда Қазақстан чемпионатында сәтті өнер көрсетуі үшін жағдай жасау.
Қазақстан футболының элитасында Шымкенттен тек бір ғана команда – “Ордабасы” клубы өнер көрсетеді. Алайда, ең қызығы, ел чемпионатында олардың өткізетін бар болғаны екі-ақ ойыны қалды. Осыдан кейін маусымаралық үзіліс басталады. Ресми халықаралық кездесулерді өткізу де қарастырылмаған.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52