Шымкенттегі тартысты тең ойын: «Ордабасы» мен «Елімай» жеңімпазды анықтай алмады


Қазақстан Премьер-Лигасының 12-туры аясында Шымкентте жергілікті «Ордабасы» мен семейлік «Елімай» арасында кездесу өтті.
Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ алаң иелері жоғары қарқынмен басымдық танытып, бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Алайда есепті бірінші болып қонақтар ашты — 39-минутта Кевин Ролон мергендік танытты.
Шабуылдарын тоқтатпаған «Ордабасы» ойынның 85-минутында дегеніне жетті — Муроджон Халматов таразы басын теңестірді. Қорытынды есеп - 1:1.
Қазақстан. Премьер-Лига. 12-тур
«Ордабасы» – «Елімай» – 1:1
Голдар: 39, Ролон, 85, Халматов
Бұл нәтижеден кейін «Елімай» өз ұпайын 18-ге жеткізіп, турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді. Ал шымкенттік ұжым 17 ұпаймен жетінші сатыда қалды.
Келесі турда «Ордабасы» «Оқжетпеске» қонаққа барса, «Елімай» өз алаңында «Туранды» қабылдайды.

Футбол
Бүгін 08:37

Футбол
Бүгін 08:11