locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Шымкент әкімі Ордабасының бұрынғы бапкеріне алғыс білдірді

Шымкент әкімі Ордабасының бұрынғы бапкеріне алғыс білдірді

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков Ордабасының бұрынғы бапкері Александр Седнев жұмысына алғыс білдірді.

"Бүгін "Ордабасы" футбол клубының бас бапкері Александр Седневты қабылдадым. Кездесу барысында ол өз еркімен жұмыстан кететінін мәлімдеді. Бас бапкерге жасаған жұмысы үшін алғыс айттым, бұл өте маңызды әрі құнды болды. Футбол әрқашан эмоциялардан тұратыны белгілі. Ал, Александр Седнев маман ретінде "Ордабасы" мен отандық футболдың дамуына зор үлес қосты. Оған алдағы кәсіби мансабында табыс тілеймін", деп жазды Сыздықбеков өзінің Facebook желісінде.

Александр Седнев "Ордабасы" клубын жаттықтыруға 2021 жылдың басында келді. 2022 жылы оның басшылығымен клуб Қазақстан кубогын жеңіп алды. Ал, өткен маусымда тарихта алғаш рет премьер-лиганы жеңіп, Қазақстан чемпионы атанды.