Шымкент әкімі Еуропаның ең табысты бапкерлердің бірі туралы шешім қабылдайды
Vesti.kz хабарлауынша, молдовалық маман Андрей Мартиннің шымкенттік "Ордабасы" командасының бас жаттықтырушысы болу мүмкіндігі аз. Дегенмен, 50 жастағы жаттықтырушы клуб президенті Асхат Сейсембектің көңілінен шыққан.
Мартин басқаратын молдовалық "Петрокуб" небәрі 650 мың еуро бюджетімен Конференциялар лигасының топтық кезеңіне өтіп, 4 миллион еуродан астам табыс тапты. Айта кетерлігі, дәл осы Мартиннің командасы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде "Ордабасыны" жарыстан шығарған болатын.
Жаттықтырушыны тағайындау мәселесі қала әкімдігімен келісілетін болады. Андрей Мартин тек үміткерлердің бірі ғана, шорт-листке басқа да мамандар, соның ішінде қазақстандық жаттықтырушылар енгізілген.
Бұған дейін Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков "Ордабасының" бюджеті айтарлықтай қысқарып, ҚПЛ-дың басқа командаларының қаржыландыру деңгейімен теңестірілетінін айтқан.
Андрей Мартиннің тәжірибесі мол: ол Молдова құрамасының жаттықтырушылар штабында қызмет атқарып, Ресейдің "Кубань" және "Мордовия", сондай-ақ Әзірбайжанның "Габала" клубтарында жұмыс істеген. Бас жаттықтырушы ретінде молдовалық "Дачияны" басқарған. 2005 жылы маман ойыншы ретінде Қазақстанның "Жетісу" клубының намысын қорғаған.
Дастан Сәтпаев Лондонға келді, ол Челси академиясында сынақтан өтеді
Бокс
Кеше 23:51
Бокс
Кеше 23:23
Басқа спорт түрлері
Кеше 22:57