locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікірлерді қалдыру үшін\n кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Шахтёр футбол клубы қарыз дауына тап болды

Шахтёр футбол клубы қарыз дауына тап болды
ФОТО: Instagram

Қарағанды облысында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарызын басқару бойынша аудит жүргізілді. Тексеру барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, оның ішінде "Шахтёр" футбол клубына қатысты мәселелер де көтерілді, деп хабарлайды Orda.kz.

Әсіресе, 2020 жылғы жағдай күрделі болды. Пандемия кезінде жергілікті билік қарыз лимитін 3,8 млрд теңгеге асырып жіберген.

"Қазіргі таңда қарыз жүктемесі басқарылатын деңгейде деп бағалануда. Алайда оң динамикаға қарамастан, ең ірі төлемдер 2031 жылға тура келеді – бұл 20 келісімшарт бойынша 21,7 млрд теңгені құрайды. Жалпы, 2024 жылғы 1 қаңтардағы негізгі қарыздың 60,4%-ын 2030-2043 жылдар аралығында өтеу қажет", – деп мәлімдеді Жоғарғы аудиторлық палата.

Аудит барысында коммуналдық кәсіпорындар да тексерілді. Нәтижесінде, "Теплотранзит Қарағанды" ЖШС қаржылық қиындықтарға тап болып, несие міндеттемелерін орындай алмау қаупі бар екені анықталды. Ал "Қарағанды Су" ЖШС-нің бюджеттен несие ала отырып, бос қаражатты депозиттерде сақтағаны және түскен пайданы қатысушылары арасында бөліскені белгілі болды.

"Шахтёр" футбол клубында да заңбұзушылықтар анықталды. Қарағанды облысы әкімдігіне қарасты бұл клуб жылдар бойы жалақы, салық және басқа да төлемдер бойынша қарыз жинақтап келген.

Жалпы аудит нәтижесінде 5,3 млрд теңгеге жуық қаржылық бұзушылықтар тіркелді. Тексеру комиссиясы оларды жою бойынша тиісті нұсқамалар берді.

Зайнутдиновтың Ла Лигаға ауысуы жүзеге аспады: трансфер жайлы мәліметтер

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie