locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Шахтердің екі ойыншысы Жеңіске қарсы ойынға қатыспайды

Фото: Шахтер

Қарағандылық Шахтер шабуылшысы Айбар Абдулла Премьер-лиганың 19-туры аясында өтетін Жеңіске қарсы ойынға қатыспайды. Бұл туралы KazFootball хабарлады.

Атырауға қарсы ойында шабуылшы осы маусымдағы төртінші ескерту қағазын алды. Бұл сары қағаздар көптігіне байланысты ҚПЛ ойынын өткізеді деген сөз.

Бұған дейін, Шахтердің тағы бір ойыншысы, қорғаушы Лайонел Адамс қатыспайтыны хабарланған еді. Атырауға қарсы ойында ол қызыл қағаз алған болатын.

Шахтер мен Жеңіс арасындағы матч 1 қыркүйек күні өтеді. Астана уақытымен 20:00-де басталады.