Шабуылшы Элдер Сантана Қайрат сапында қалатын болды
Футбол
Бүгін 02:40
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
ФОТО: Getty Images
"Қайрат" футбол клубы 31 жастағы бразилиялық шабуылшы Элдер Сантанамен келісімшарт ұзартқанын хабарлады. Жаңа келісім 2025 жылдың соңына дейін жарамды болады.
"Элдердің жаңа келісімшарты құтты болсын! Жаңа маусымда сәтті ойнасын деп тілейміз", - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.
Элдер Сантана өткен маусымда қараша айында "Ақтөбеден" ауысып, алматылық команда сапына қосылды. Осы маусымда шабуылшы 29 матч өткізіп, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
Танымал жаңалықтар
Футбол
Бүгін 04:12
Футбол
Бүгін 03:13
Хоккей
Бүгін 02:26