Шабуылдың басында Сәтпаев тұр. ҚПЛ 4-турының үздіктер құрамасы жарияланды


Sofascore статистикалық сайты футболшылардың орташа рейтингі бойынша Қазақстан Премьер-лигасының 4-ші турының үздіктер командасын жариялады.
«Атырауға» (4:1) қарсы ойында дубль жасаған Дастан Сәтбаев ең жоғары (9.0) рейтингке ие болды. Шабуылдағы басқа орындарды «Ордабасыға» (2:1) екі гол соққан Усман Камара мен «Қайсар» (4:1) қақпасына гол соққан Идрыс Умаев иеленді. Үздіктер командасының қақпасына Денис Кавлинов тұрды – қақпашы «Жеңіске» (0:0) қарсы ойында үш рет сейв жасап, қақпасына гол жібермеді.
ҚПЛ екінші турының үздіктер құрамасы:
Қақпашы: Кавлинов («Жетісу»);
Қорғаушылар: Қайыров («Ақтөбе»), Тевзадзе («Жеңіс»), Жұмаханов («Елімай»), Шмидт («Жетісу»);
Жартылай қорғаушылар: Тугарев («Елімай»), Мұжықов («Елімай»), Станоев («Қайрат»);
Шабуылшылар: Камара («Астана»), Сәтпаев («Қайрат»), Умаев («Ақтөбе»).

Футзал
Бүгін 07:30

Басқа спорт түрлері
Бүгін 06:18

Футбол
Бүгін 01:42