Серия A. Рома мен Болонья тең түсті, Эмполидің маусымдағы алғашқы жеңілісі
6 қазанда Италияның ең жоғары дивизионы А Сериясының 7-турында үш матч өтті.
“Болонья” мен “Парма” ұпай бөлісті – 0:0. “Қызыл-ақтар” 8 ұпаймен 12-орынға тұрақтады. Ал “Парма” 6 ұпаймен 15-орында орналасқан.
“Лацио” “Эмполиді” 2:1 есебімен жеңді. Бұл жеңіліс “көк” команда үшін осы маусымдағы А Сериясындағы алғашқысы болды. Римдік “құзғындар” ТОП-3 қатарына жақындады, Марко Баронидің шәкірттерінің еншісінде 13 ұпай бар, бұл үшінші орындағы “Ювентустың” көрсеткішімен тең. Ал “Эмполи” 10 ұпаймен 10-орынға түсті.
“Рома” “Монцамен” 1:1 есебімен тең ойнады. Довбик тағы да гол соқты, бірақ бұл “қасқырларға” жеңіс әкелмеді. Қазіргі уақытта римдік клуб 10 ұпаймен 9-орында тұр, ал “ақ-қызылдар” 4 ұпаймен 19-орында.
Серия A. 7-тур. 6 қазан
“Болонья” - “Парма” – 0:0 (0:0)
“Лацио” - “Эмполи” – 2:1 (1:1)
Голдар: Эспозито, 9 (0:1); Закканьи, 45+ (1:1); Педро, 84 (2:1)
“Монца” - “Рома” – 1:1 (0:0)
Голдар: Довбик, 61 (0:1); Мота, 70 (1:1)
Еске салайық, бұған дейін “Ювентус” “Кальяримен” ұпай бөліскен болатын (1:1). Тьягу Моттаның шәкірттері А Сериясының осы маусымында алғаш рет гол жіберіп алды.
Футбол
Кеше 23:18
Футбол
Кеше 17:01
Хоккей
Кеше 10:59