Серхио Агуэро Барселона клубы оған €3 млн төлемегені үшін сотқа беріп, шағым түсірді
Футбол
08 қаз 2024 12:11
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Серхио Агуэро “Барселона” клубын сотқа беріп, оған €3 млн төлемегені үшін шағымданды
“Барселона” клубының бұрынғы шабуылшы Серхио Агуэро клубты €3 млн жалақыны төлемегені үшін сотқа берді. Бұл туралы AS басылымы хабарлайды.
Ақпарат көзінің мәліметінше, каталондық клуб аргентиналық футболшыға алғашқы маусымдағы соманы сақтандыру арқылы өтейтінін айтқан. Алайда, сақтандыру компаниясы Агуэроның бала кезінен жүрек ауруы болғанын алға тартып, төлем жасаудан бас тартты. Енді Серхио клубтан уәде етілген €3 млн-ды талап етуде.
Агуэро “Барселона” клубында 2021 жылдың шілдесінен желтоқсанына дейін ойнады. Ол команда сапында бес матч өткізіп, бір гол соғып үлгерді, кейін денсаулығына байланысты кәсіби мансабын аяқтады.
Танымал жаңалықтар
Хоккей
Бүгін 01:50
Футбол
Бүгін 01:35