Сергей Скорых Астананың португалиялық Виторияға қарсы матчтағы мүмкіндіктерін бағалады
Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Сергей Скорых Лига конференциясы аясындағы "Астана" мен португалиялық "Витория" арасындағы алдағы матч туралы өз пікірімен бөлісті. Скорыхтың айтуынша, бұл ойын топтан шығу жолындағы шешуші кездесу болады. Ол қазақстандық команданың жеңіске жету мүмкіндігін тең деп бағалады, дегенмен португалиялықтар фаворит болып саналады.
– "Астананың" "Виторияға" қарсы алдағы матчтағы мүмкіндіктерін қалай бағалайсыз?
– Мен 50 де 50 дер едім, өйткені португалиялықтар бұл кездесуде фаворит саналғанымен, бізді де есептен шығаруға болмайды. Негізгі фактор, меніңше, толық жанкүйерлер трибунасының қолдауы мен ойыншылардың шексіз жанкештілігі болады.
– "Витория" топта тамаша нәтиже көрсетуде. "Астана" мұндай мықты командаға қалай қарсы тұруы керек деп ойлайсыз?
– Алға тартынбай ойнау керек, комбинациялық ойын мен командалық рух көрсету қажет. Әрі қарай шегінетін жер жоқ.
– Осы ойында "Астана" үшін өз алаңында ойнау факторының маңызы қандай деп ойлайсыз?
– Әрине, "Астанаға" өз алаңында, "Астана Аренада" ойнаған әлдеқайда жақсы болар еді. Бірақ, басқа жағынан алғанда, бұл команда жеке бір қала мен клубтың емес, бүкіл Қазақстанның намысын қорғауда. Сондықтан Алматыда ойнаса да, жанкүйерлердің бүкіл елден келген қолдауы шешуші рөл атқарады.
– "Астананың" құрамынан "Виторияға" қарсы ойында шешуші ойыншылар ретінде кімді айтар едіңіз?
– Бұл ойында Томасовтың көшбасшылық қасиеттері мен Чинедудың шабуылдағы шеберлігі маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, олардың бұл матчқа физикалық тұрғыдан дайын болуы өте маңызды.
– Осы матчтағы жеңіліс "Астананың" топтан шығу үмітін үзеді деп ойлайсыз ба? Әлде командада әлі де мүмкіндік бар ма?
– Турнирлік кесте мен алдағы "Челси" және АПОЭЛ-мен болатын ойындарды ескерсек, бұл – шешуші ойын. Сондықтан, кем дегенде, бір ұпай алу керек. Егер, Құдай сақтасын, жеңіліс болса да, әлі де мүмкіндік бар.
– Жалпы, "Астананың" биылғы Лига конференциясындағы өнерін қалай бағалайсыз? Команда үмітті ақтады ма?
– Нәтижені турнир аяқталғаннан кейін бағалаймыз. Бірақ менің субъективті пікірім бойынша, команда жақсырақ өнер көрсетуі тиіс еді. Өйткені қарсыластар аса мықты емес, "Астанамен" деңгейлес командалар болды.
Футзал
Бүгін 07:14
Футбол
Бүгін 07:04
Футбол
Бүгін 06:38