locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Седнев Ордабасыдан неге кеткенін мәлімдеді

Фото: X (witter)
Седнев Ордабасыдан неге кеткенін мәлімдеді

Ордабасының бұрынғы бапкері Александр Седнев клубтан кету себебін айтты.

Команда чемпионатты чемпион ретінде бастады. Бапкерде де, президентте де, ойыншыларда да бұндай тәжірибе болған жоқ. Жауапкершілік жоғары болды, ойын сапасы да жоғары болу керек.

Қазір басқа нәтиже күту мүмкін емес. Менің кетуім де осыған байланысты, командаға жаңа серпін бере алатыныма күмәнмен қарадым. Мүмкін басқа жоспарлар мен идея керек болар. Сонда ғана жаңа серпін беруге болады, дейді маман клубтың баспасөз мәслихатында.

Седнев Ордабасыны 2021 жылдың қаңтарынан бастап баптады. Оның еншісінде 129 ресми матч бар, 63 рет жеңіске жетсе, 38 рет жеңіліп, 28 рет тең нәтиже тіркеген.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie