locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Щенсны ресми түрде Барселона құрамына қосылды және алғашқы матчқа дайын

ФОТО:  Getty images

“Барселона” мен Войцех Щенсны арасындағы трансферлік оқиға аяқталды - польшалық қақпашы ресми түрде каталондық клубтың ойыншысы атанды. As басылымының мәліметінше, Щенсны команданың құрамына енгізілді және Ла Лига оның тіркелуін мақұлдады.

Қақпашы “Барселона” мен “Алавес” арасындағы 6 қазанда өтетін алдағы матчта алғашқы ойынын өткізуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Щенсны 2024 жылы Еуропа чемпионатынан кейін Сауд Арабиясына көшуге қызығушылық білдірілсе де, Еуропадан кетуден бас тартып, мансабын аяқтаған болатын.