locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Саян ХАМИТЖАНОВ: “Бұл біздің ортақ жеңісіміз”

Саян ХАМИТЖАНОВ: “Бұл біздің ортақ жеңісіміз”

"Астана" президенті Саят Хамитжанов қазақстандық клубтың конференция лигасының негізгі кезеңіне шыққаны жайлы пікірімен бөлісті

"Астана" тарихты жазып жатыр! Біз жорығымызды "Чемпиондар жолынан" бастамай, негізгі кезеңге шыққан алғашқы клубпыз. Бұл өте керемет. Мен әр футболшыға, демеушілерге, бапкерлерге, әкімшілікке рахмет айтқым келеді. Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Бүгін Қазақстан футболында үлкен мерейтой. Енді біздің мақсатымыз - топтық кезеңде команданың намысын қорғап, қазақстан чемпионатындағы күресті жалғастыру. Бірақ, ол ертең болады, "Астананы" қолдаған жанкүйерлер бұл сәтті тойласа болады. Ең қызығы, бұл жеңіс конституция күніне бір күн қалғанда орын алды. Бұл қазақстандықтар үшін сыйлық деп айтуға болады!", - деп хабарлады KazFootball.kz "Астана" баспасөз қызметіне сілтеме қалдырып.

Естеріңізге сала кетсек, конференция лигасының плей-офф кезеңінде, "Астана" қарымта кездесуде норвегиялық "Браннды" 3:0 есебімен жеңіп, сырт алаңда өткізіп алған 2 голдың есесін қайтарды.