Сауд Арабиясы Манчиниді бас бапкер қызметінен босатты
59 жастағы италиялық маман Роберто Манчини Сауд Арабиясы құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Сауд Арабиясы Футбол федерациясының баспасөз қызметі.
“Сауд Арабиясы Футбол федерациясының директорлар кеңесі мен Роберто Манчини өзара келісімге келіп, ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылдады. Кеңес Манчиниге алғысын білдіріп, оған сәттілік тілейді. Команданың келесі бапкерінің есімі келісімшарт рәсімдері аяқталғаннан кейін алдағы күндері жарияланады”, - делінген хабарламада.
Манчини Сауд Арабиясы құрамасын 2023 жылдың тамыз айынан бастап басқарған. Итальяндық бапкердің жетекшілігімен команда жеті рет жеңіске жетіп, бес ойында тең ойнаған және алты рет жеңілген.
59 жастағы маман Италия құрамасымен бірге Еуропа чемпионы атанған және “Манчестер Ситимен” Англия чемпионатын жеңіп алған.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20