Самородов Әліп екеуінің қарым-қатынасы жайлы айтты
"Ахмат" клубының қазақстандық форварды Максим Самородов Ресей премьер-лигасының 15-ші турының Санкт-Петербург "Зенитіне" қарсы жекпе-жегінен кейін алған әсерімен бөлісті.
Грозныйда өткен матч "Зениттің" пайдасына 2-1 есебімен аяқталды.
"Әрине, оңай матчтар жоқ және бұл жекпе-жекте біз орындамаған сәттер жеткілікті болды. Біз мүмкіндіктерді іске асыру бойынша жұмыс істеуіміз керек. Жалпы, ойынды оң бағалауға болады. "Зенит" - мықты қарсылас және қазіргі ел чемпионы. Олардың құрамы сапалы және біз одан әрі жұмыс істейтін боламыз", - деп атап өтті Максим Самородов.
Бір қызығы, бұл кездесуде "Зенит" атынан қатысатын Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп те ойнады. Самородов олардың Ресейде бір-бірімен байланыста екенін атап өтті.
"Алип? Әрине, біз әрқашан байланыстамыз", - деп қосты "Ахмат" шабуылшысы.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52