Самат Смақов «Жетісудың» Қазақстан кубогынан ұшқаны жайлы пікір білдірді


«Жетісудың» бас бапкері Самат Смақов Қазақстан кубогының 1/8 финалындағы «Тобылға» қарсы өткен 0:1 есебімен аяқталған ойынға қатысты пікір білдірді.
«Біріншіден, әріптесім Нұрбол Жәрдемұлын жеңісімен құттықтағым келеді. Бұл қиын, көп күш жұмсайтын, қосымша уақыт болған кездесу болды. Қосымша уақытта барлық алмастырулар жасалып, күш таусылып жатқанда, кез келген қателік өлімге әкеліп соғады. Артымыздағы ұзақ пасты жіберіп алдық, қарсылас оны тиімді пайдаланды».
Талдықорғандық команданың бапкері мынадай сөздерді қосты.
«Ысқырыққа бес минут қалғанда гол жіберіп алу өкінішті, бірақ бұл футбол. Оны болжау мүмкін емес, сондықтан оны бәрі жақсы көреді. Менің шәкірттеріме алаңдағы мінезіне де, күресіне де еш наразылығым жоқ. Ал мен «Тобылдың» Кубокта мүмкіндігінше алға шыққанын қалаймын", - деп келтіреді Смақовтың сөзін «Жетісу» баспасөз қызметі.
ҚПЛ турнирлік кестесінде «Жетісу» үш ұпаймен тоғызыншы орында.

Футбол
Бүгін 06:03
