Самат СМАКОВ: “Зайнутдинов пен Аймбетов Қазақстанға келмеуі тиіс”
Түркияның Суперлигасында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Бақтиер Зайнутдинов пен Абат Айымбетов Қазақстанға оралмауы тиіс.
Ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысы Самат Смақов “Бірінші бол” редакциясына берген сұхбатында осылай деді.
- “Түркия чемпионатының деңгейі өте жоғары. Егер сен жекелей көрсеткіштер бойынша оқ бойы озық тұрсаң, онда алаңға шығасың. Бахтиер Зайнутдинов Түркияның топ клубында ойнайды. Ол жақта кілең жұлдыздар жиналған. Оның үстіне, Баха да легионер, тиісінше оған қойылатын талап мүлде бөлек. Бірақ Баха басқа көрсеткіштер бойынша мықты. Ол тәртіпке бағынатын, команда үшін ойнайтын футболшы, сенімді қорғаушы. Оны қорғаныс шебіне түсіріп жатқаны да сондықтан, ал шабуылда басқа қабілеттер керек”, - дейді ол.
Бактиер Зайнутдинов “Бешікташ” сапында өткен жылдан бастап өнер көрсетеді. Түркия клубы сапында 29 ойын өткізген. Ал Абат Аймбетов “Адана Демирспор” құрамында, 1 гол соққан.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20