Салиба жарақатына байланысты Ұлттар лигасының финалдық кезеңіне қатыспайды


«Арсенал» мен Франция құрамасының орталық қорғаушысы Вильям Салиба жарақатына байланысты алдағы Ұлттар лигасының шешуші матчтарына қатыса алмайды. Бұл туралы Лондон клубының ресми сайты хабарлады.
23 жастағы футболшы жарақатты АПЛ-дің 37-турындағы «Ньюкаслға» қарсы ойында (1:0) алды. Ол бірінші таймда-ақ қолайсыздық сезініп, үзілісте алаңнан кеткен болатын. «Арсеналдың» медициналық штабы ойыншының артқы сан бұлшықетінде созылу бар екенін растап, оған бірнеше аптаға дейін емделу қажет екенін мәлімдеді. Осы себепті Салиба маусым айында Франция құрамасы сапында өнер көрсете алмайды.
Дидье Дешам шәкірттері 5 маусым күні «Штутгарт Аренада» Ұлттар лигасының жартылай финалында Испаниямен кездеседі. Егер Франция жеңіске жетсе, финалда Германия мен Португалия арасындағы матчтың жеңімпазымен жолығады. Финалдық кездесу 8 маусымда «Альянц Аренада» өтеді.

Футбол
Бүгін 13:52

Футбол
Бүгін 11:12