locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Салах гол соғуын жалғастыруда. «Ливерпуль» қатарынан екінші рет жеңісіне жетті

Салах гол соғуын жалғастыруда. «Ливерпуль» қатарынан екінші рет жеңісіне жетті

25 тамызда Англия чемпионатының екінші турының соңғы матчы өтті. “Брентфорд” сырт алаңда “Ливерпульге” қарсы ойнады.

“Ливерпуль” Мохамед Салах пен Луис Диас соққан голдардың арқасында “Брентфордты” 2:0 есебімен жеңді.

Алғашқы минуттардан бастап алаң иелері ойынды өз қолдарына алуға тырысты. Ойынның 13-минутында Диогу Жота Луис Диасты қақпашымен бетпе-бет қалдырып, дәл пас беріп, голдық мүмкіндік жасады. Колумбиялық футболшы осы мүмкіндікті пайдаланып, қақпашыны қапы қалдырды. Осы голдан кейін қос клуб айтарлықтай қауіпті сәт жасамады және бірінші таймды аяқтады.

Екінші тайм белсенді өтті. “Ливерпуль” қарсылас қақпасына көбірек соққы жасап, ойынның тағдырын шешіп тастауға тырысты. “Брентфорд” ұзақ уақыт қарсыласты , дегенмен қателіктер жібере бастады. Мохамед Салахтың айналып соққан соққысымен қарсылас қақпасына гол соғылды және бұл гол матчтың нүктесін қойды. “Ливерпуль” жаңа бапкермен жеңісті сериясын жалғастыруда, ал “Брентфорд” маусымда алғаш рет жеңіліске ұшырады.

АПЛ. 2-тур, 25 тамыз

Стадион: «Энфилд»

"Ливерпуль" – "Брентфорд" – 2:0

Голдар: Диас, 13, Салах, 70

"Ливерпуль": Алиссон – Александр-Арнольд (Брэдли, 72), Конате, Ван Дейк, Робертсон – Гравенберх, Макаллистер – Салах (Эллиот, 83), Собослаи, Диас (Гакпо, 72) – Жота (Нуньес, 72)

Ескертулер: Собослаи, 30, Гравенберх, 38

"Брентфорд": Флеккен – Айер, Пиннок, Коллинз, Расмуссен – Льюис-Поттер (Дамсгард, 66), Нергор, Янельт (Оньека, 73), Йенсен (Карвалью, 66) – Мбеумо, Висса (Шаде, 73)

Ескертулер: Нергор, 40, Йенсен, 45