locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Руд Ван Нистелройдың ұлы үлкен футболға қадам басты

Футбол 16 сәу 2025 08:05
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Руд Ван Нистелройдың ұлы үлкен футболға қадам басты
Фото: gettyimages

Нидерландылық аңыз футболшы Руд Ван Нистелройдың ұлы Лиам Ван Нистелрой ПСВ-мен алғашқы кәсіби келісімшартына қол қойды. Алғашқы келісімшарт 2028 жылға дейін жасалды.

17 жастағы шабуылшы осы маусымда ПСВ U17 сапында 30 матч өткізіп, 20 гол соққан. Лиам клубтың академиясында өзіне аса назар аудартпау үшін бұған дейін анасының тегімен (Слатс) ойнап келген еді. Енді Лиам Ван Нистелрой болуды жөн көріпті.

Нидерланды, Англия және Испания чемпионы Руд ван Нистелрой 1998 жылдан 2001 жылға дейін ПСВ-да өнер көрсетті. Мансабын аяқтағаннан кейін ол Эйндховен клубына жаттықтырушы болып оралып, әр түрлі жастағы командалармен жұмыс істеді, ал 2022 жылдан 2023 жылға дейін негізгі команданың бас бапкері болды. Қазір 48 жастағы Руд — АПЛ-дағы «Лестердің» бас бапкері.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie